RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкологияЭкономика

Су жеткізу мәселелері бойынша Бішкек пен Ташкентте келіссөздер жүргізілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша 28 шілдеде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен және жауапты ведомство басшыларымен келіссөздер жүргізді.

Тараптар Нарын су электр стансалары каскадының, Талас бассейнінің, сондай-ақ Киров және Орто-Токой су қоймаларының тамыз айындағы жұмыс режимін талқылады. Кездесу нәтижесінде бұрын бекітілген келісімдер аясында қуаңшылык пен судың аз келуі салдарынан жеткізілмей қалған су көлемін қосымша жеткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

29 шілдеде Ташкент қаласында Вице-премьер Қанат Бозымбаев Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен және су-энергетика саласындағы жауапты басшыларымен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында екі апта ішінде су жеткізу кестесіндегі кідірісті жою бойынша бірлескен шаралар келісілді.

Осылайша, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында вегетациялық маусымды толық аяқтау қамтамасыз етіледі және бұл мәселе Үкімет пен өңірлік әкімдіктердің тұрақты бақылауында тұр.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

СУ КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ БІРАУЫЗДАН МАҚҰЛДАНДЫ

redaktor_rastimes

Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

Пікір жазу