RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Кентауда ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жаңа медиастудия ашылды

Рухани жаңғыру мен ұлттық сана жаңғыруының аясында Кентау қаласында айрықша мазмұнға ие жаңа бастама жүзеге асты – «Кентау қалалық Руханият орталығы» жанынан «Дәстүр» атты медиастудия ашылып, өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, қала әкімінің орынбасары және жауапты сала басшылары қатысып, тың жобаның тұсауын кесті. Бұл медиастудия – ұлттық салт-дәстүр, рухани тәрбие және діни сауаттылықты насихаттайтын заманауи әрі маңызды алаңға айналмақ. Студия арқылы жастарға бағытталған тәрбиелік мәні зор бейнероликтер мен мазмұнды бағдарламалар дайындалып, қоғамның рухани іргесін нығайтуға үлес қосады. Қала әкімі Жандос Тасов өз сөзінде жаңа жобаның ел болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, медиастудия қызметіне сәттілік тіледі. Орталықтың басты мақсаты – Кентау қаласы мен оған қарасты елді мекендерде руханият пен дәстүрді, дін мен мәдениетті өзара үйлестіре отырып дамыту, жас ұрпақтың рухани иммунитетін күшейту. Қазіргі таңда бұл орталықта 12 білікті маман еңбек етіп, ұлттық болмысты жаңғырту жолында аянбай тер төгуде. «Дәстүр» медиастудиясы – ұлттың өткені мен болашағын жалғайтын алтын көпірге айналмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Бейбітшілік пен татулық – ел болашағының алтын діңгегі

redaktor_rastimes

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА «РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚУАТЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

redaktor_rastimes

Пікір жазу