RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Түркістанда өнер тұмары өрілген – жас таланттардың халықаралық мерекесі өтті

Күн шуағына малынған Түркістан төрінде тағы бір тамаша рухани мереке өтті. Қасиетті қалада орналасқан Амфитеатр кешенінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Turkestan City Fest 9» халықаралық көпжанрлы фестиваль-байқауы биыл да айрықша шыраймен өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған бұл ауқымды шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген 4 пен 17 жас аралығындағы өнерлі өрендер мен жасөспірімдер үшін үлкен шығармашылық алаңға айналды. Фестивальдің басты мақсаты – жас дарындардың бойындағы көркемдік қабілеттерін дамыту, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, тұлғалық қасиеттерін, зияткерлік әлеуетін және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Ашық аспан астында шымылдығын түрген бұл рухани думанда жас өнерпаздар бейнелеу өнері, би, музыкалық аспаптарда орындау мен қолөнер жанрлары бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір баланың сахнада өзін еркін сезініп, шығармашылығын еркін көрсетуі – көрермен жүрегін баурап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Би алаңындағы креативті қойылымдар, аспаптық музыканың нәзік үні мен қылқалам шеберлерінің тың идеяларға толы туындылары бұл кешті нағыз шабыт пен шаттыққа толы мерекеге айналдырды. Байқау соңында барлық қатысушылар марапатталып, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. «Turkestan City Fest» – болашақ өнер жұлдыздарының алғашқы қадамына жол ашып, шығармашылық әлемге жарқын бағдар берген бірегей алаң ретінде есте қалды.

Ұқсас жаңалықтар

Рухани жаңғыру жолындағы қадам: Түркістандық Ассамблея жастары тарихи сапарға шықты

«Біз уақыт талабына сай технологияны меңгерген ұлтқа айналуымыз қажет»

redaktor_rastimes

Егістік алқабы 518 мың гектарға ұлғаяды

redaktor_rastimes

Пікір жазу