Түркістан қаласы биылғы күзден бастап білім мен технологияның ордасына айналмақ халықаралық талаптарға толықтай сай келетін Woosong University Kazakhstan оқу орны өз жұмысын бастауға жақын бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталып талапкерлерді қабылдау үдерісі қызу жүріп жатыр бұл игі бастама Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлескен жобасы болып саналады аймақ басшылығы жастардың сапалы білімге қол жеткізуіне мейлінше қолдау көрсетіп отыр соның жарқын дәлелі ретінде Түркістан облысы әкімдігі тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру мақсатында арнайы комиссия отырысы өткізіліп қазіргі таңда облыстық мәслихат сессиясының шешімімен 100 білім гранты бөлінді талапкерлерді қабылдау Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде орналасқан қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асуда алдағы уақытта Woosong University Kazakhstan қабырғасында заманауи ІТ бағытындағы екі маңызды мамандық бойынша білім беру жоспарланып отыр олар – жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету саласы оқу орны толық іске қосылғанда екі мыңға жуық студентке дейін қабылдай алады бүгінде 300-ден астам талапкерден өтініш түсіп үлгерген олардың ішінде шамамен 160-қа жуығы Астана мен Алматы қалаларынан және Атырау Ақтөбе Жамбыл Маңғыстау Қызылорда Солтүстік Қазақстан Абай Шығыс Қазақстан Батыс Қазақстан мен Жетісу облыстарынан болса тіпті бауырлас Қарақалпақстан Республикасынан да бір үміткер осы оқу ордасына құжат тапсырған білімнің шекарасы болмасы анық жуырда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасы әрі басқарма мүшесі Сонг Кён Ким бастаған Кореялық делегациямен кездесу өткізіп Түркістандағы халықаралық университеттің құрылысын уақытында аяқтау оқу үдерісін нақтылау қажетті құжаттарды реттеу мәселелерін пысықтап нақты жоспарлармен бөлісті бұл кездесу екіжақты ынтымақтастықтың жарқын көрінісіне айналды болашақтың білімін бүгіннен бастап игеруге бағытталған бұл бастама арқылы Түркістан жастары халықаралық деңгейдегі білімге қол жеткізіп отандық ІТ саласының дамуына өз үлесін қоса алады құжат қабылдау жұмыстары әлі де жалғасуда қосымша ақпарат алу үшін 8 776 170 8242 байланыс нөміріне хабарласуға болады Woosong University Kazakhstan – болашақ инженерлер мен ІТ мамандарын даярлайтын жаңа буын университеті ретінде еліміздегі сапалы білім беру кеңістігін кеңейте түсетіні анық.