Түлкібас ауданының жасампаз шаруалары ауыл шаруашылығы саласына тың серпін беретін жаңа бастамаларға қадам басып келеді солардың бірі – «Борсық сай» шаруа қожалығының жетекшісі Данияр Мылтықбаев қолға алған мал азығының ерекше түрі болашағы зор бұл жоба биылғы мамыр айында басталып тары тұқымдас сорго өсімдігінің жаңа сұрпын сынақ мақсатында егумен жалғасын тапты қазіргі таңда алғашқы өнімді алудың сәті де келіп тұр егін алқабындағы тың тәжірибенің барысымен танысу үшін аудан әкімі Асқар Естібаев арнайы келіп қожалық басында болды және игі істің өрге басуына тілектестігін білдіріп бағасын берді кәсіпкер шетелден арнайы алдырған сапалы тұқымды үш гектар жерге еккен бұл өсімдік сүтті сиырлар үшін құнарлы әрі пайдалы азық саналады аудан басшысы алынған алғашқы өнімді өңірдегі сүт бағытындағы шаруашылықтарға үлестіріп тұтынушылардың пікірін ескеруді ұсынды ал егер өнім сапасы көңілден шығып тиімділігі дәлелденсе егілген алқап көлемін ұлғайтуды құптайтынын жеткізді Данияр Мылтықбаев келер жылы соргоны он бес гектарға дейін көбейтіп оның суаруын тамшылатып суғару әдісімен жүргізуді жоспарлап отыр бұл өз кезегінде суды үнемдеуге жол ашып өнімділікті арттыруға ықпал етеді айта кету керек сорго – табиғатқа төзімділігімен ерекшеленетін суды көп қажет етпейтін әрі бір мезгілде мал азығына да тамақ өнеркәсібіне де пайдалануға болатын көпжылдық өсімдік түрі дұрыс күтіп-бапталған жағдайда бұл дақыл жылына төрт рет орылып биіктігі алты метрге дейін жетуі мүмкін бұл көрсеткіштер соргоның келешекте Түлкібас жерінде кең көлемде өсірілуіне негіз бола алады шаруаның осынау ізденісі мен еңбекқорлығы өңір агросекторының дамуына жаңаша бағыт беріп отырғаны анық бұл бастама өзге шаруаларға да үлгі болары сөзсіз.