RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Түркістан: Келес ауданында жаңа мәдени нысандар бой көтеруде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде мәдениет нысандарын көбейту және халықтың мәдени демалысқа қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Келес ауданында мәдениет саласын дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі таңда ауданда 8 мәдениет үйі мен 11 клуб тұрғындарға қызмет көрсетуде. Былтыр Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі елді мекенінде 75 орындық жаңа мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Жүзімдік ауылдық округінде жаңа мәдениет үйінің құрылысы қарқынды жүруде. Сонымен қатар, Алпамыс батыр, Біртілек және Ұшқын ауылдық округтерінде мәдениет үйлерін салуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, 4 елді мекенде жаңа мәдени нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Осы жобалар жүзеге асқан жағдайда, ауыл тұрғындарының мәдени өмірі жаңа сапалы деңгейге көтеріледі.

Оған қоса, биыл Абай ауылында аудандық мұражай салу жоспарланып отыр. Мұражай құрылысы үшін арнайы жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті берілген. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы қатаң бақылауда болады.

Осылайша, Келес ауданы мәдени даму бағытында маңызды қадамдар жасап, ауыл тұрғындары үшін мәдениет пен өнерге қолжетімділікті арттыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілін қабылдады

redaktor_rastimes

Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді

redaktor_rastimes

Қатонқарағайда жаңа әуежай құрылысы жүріп жатыр

redaktor_rastimes

Пікір жазу