RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарМәдениет

Түркістан өңірлік нышанына қатысты конкурс аяқталуға жақын – үлгеріп қатысыңыз!

Құрметті Түркістан тұрғындары және бүкіл қазақстандықтар!

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріліп, оның болашағына жаңа серпін беріліп отырғаны баршамызға белгілі. Осыған орай, қазіргі таңда өңірлік нышанды әзірлеуге арналған республикалық конкурс өтіп жатыр. Бұл — Түркістанның тарихи, мәдени, табиғи ерекшеліктерін бейнелейтін және болашақ даму бағытын көрсететін маңызды бастама.

Назар аударыңыздар! Конкурстың аяқталуына санаулы күндер қалды. Өтінімдер 2025 жылдың 3 маусымына дейін қабылданады.

Конкурсқа кім қатыса алады?
Қазақстан Республикасының кез келген азаматы, дизайнері, суретшісі немесе креативті ойы бар азаматы қатысуға құқылы.

Нышан қандай болу керек?

  • Түркістанның рухани және мәдени келбетін бейнелеуі тиіс.

  • Жаңа, ерекше, есте қаларлықтай болуы қажет.

  • Ұлттық ою-өрнек пен этнографиялық элементтерді пайдалануға болады.

  • Мемлекеттік рәміздер, рулық, тайпалық және діни белгілерді қолдануға тыйым салынады.

Жүлде қоры:
 1-орын – 5 000 000 теңге
 2-орын – 3 000 000 теңге
 3-орын – 2 000 000 теңге

Өтінімдерді қайда тапсыруға болады?
Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада жолдау қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Тәжікстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

ТҮРКІСТАНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ «ЕҢБЕК КУБОГЫ» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу