әжікстанның астанасы – Душанбе қаласында өтіп жатқан Батыс Азия елдері чемпионатында шеберлік пен сабырдың символына айналған шахматшылар бас қосты. 13 мемлекеттен жиналған 400-ге жуық үздік ойыншылар арасында Қазақстан намысын қорғаған спортшылар да бар.
Олардың ішінде – Түркістан қалалық Балалар және жасөспірімдер спорт клубының мақтаныштары, жас дарындар Асия Асылхан мен Нұрислам Сұлтанхан таудай талап, темірдей төзіммен дара шықты.
– 16 жасқа дейінгі қыздар арасында рапидтен Асия Асылхан алтын алды, сондай-ақ, 10 жасқа дейінгі ұлдар арасында ойын көрсеткен Нұрислам Сұлтанхан да үздік ойын көрсетуде.
Бұл – жеке жеңіс қана емес, еліміздің шахмат тарихындағы жарқын беттердің бірі.
Командалық есепте де Қазақстан құрамасы топ жарып, бірінші орын иеленді.
Айта кетейік, дарынды шахматшылардың бапкерлері- Қуанышбек Жұмадуллаев, Асхат Майкотов, ал спорт нұсқаушысы- Алима Пашанова.
Жастарымыздың жетістігі – ел үмітінің ақталғаны!
Шахмат тақтасында туған рух пен білімнің жеңісі – алда талай биіктердің бастауы болмақ!


