RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарМәдениет

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ АУҚЫМДЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістанда облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының бірлесуімен Ұлттық кітап күніне орай шара өтті. Салтанатты жиында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Нұржанұлы арнайы сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ жиынға қатысқан журналист Тельман Бейсен, тарихшы-ұстаз Баян Адырбек, мәдениет қайраткері, Түркістан қаласындағы «Әйелдер алқасының» төрайымы Ұлжан Мұстафаева, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Сайлаухан Жоланов, журналист Төребек Байтас, ақын Дәурен Тілеухан ұлттық кітап күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шарада үздік оқырмандар анықталып, арнайы марапатталды.
Бұдан бөлек, іс-шараға «TalkLike» оқырмандар клубының мүшелері мен оқырмандары қатысты. Мәдени шара — кітап сүйер қауымның демалыс күндеріндегі оқуға деген махаббатын, жайлы атмосферасын және оқыған кітапта рынан алған әсерлерін бөлісуге бағытталған. Сонымен қатар іс-шара барысында әдеби викториналық сұрақтар қойылып, кітап көрмесі жасақталып, шолу таныстырылымдар өткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанның тіршілігімен тыныс алатын кәріз жүйесі жаңғыртылуда

redaktor_rastimes

Пайдаланылмаған 2 млн. гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылмақ

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

redaktor_rastimes

Пікір жазу