RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

Түркістан облысында 11 тоннадан астам мұнай өнімдері тәркіленді

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мұнай өнімдері нарығындағы жағдай бойынша өңірлік штаб отырысында айтылды деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
 Өңірде жанар-жағармайдың заңсыз тасымалын шектеу, жанар-жағармай бекеттерінде мұнай өнімдерінің жасанды тапшылығына жол бермеу мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылған жұмысшы топ тұрақты түрде рейдтік шаралар өткізіп келеді.
 Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының орынбасары Нұргүл Әбдразақованың мәлімдеуінше, шекаралық аймақтарда аудандық прокуратура және кеден бекетінің қызметкерлерімен бірлесе өткізген рейд барысында Сарыағаш қаласында «Қапланбек» кеден бекетіне жақын орналасқан бірқатар жанар-жағармай бекетінде техникалық қауіпсіздік шараларының сақтамалмағаны анықталып, жауапты басшыларының түсініктемелері алынды.
 Сондай-ақ, 10 литрлік құтылармен АИ-92 маркалы бензинін шекарадан өткізбекші болған жағдайға қатысты тиісті шаралар қабылданды.
 Қаңтар-ақпан айларында жүргізілген рейд нәтижесімен 15 жеңіл көлік және 2 автобус айып тұрағына қойылып, құжаттары сотқа өткізілген болатын. Қазіргі таңда, сот үш көлікке шешім шығарып, заң аясында жауапкершілік белгіледі.
 Облыс әкімінің орынбасары аудан әкімдерінің орынбасарларына заң аясында әрекет етіп, жанар-жағармай бекеттеріне бақылауды күшейтуді тапсырды.
 Жыл басынан бері атқарылған жұмыстың нәтижесінде жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған 140 дерек тіркеліп, 5,9 тн. бензин, 5,6 тн. дизель отыны тәркіленді.
 Штаб отырысының нәтижесімен жаңа тапсырмалар нақтыланып, мерзімі бекітілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан өңірінде «Достық керуені» жобасы – Түлкібас ауданында бірлік пен татулықтың жаңа белесі

redaktor_rastimes

Түлкібастың төскейінде тың тәжірибе бастау алды

redaktor_rastimes

Ерекше Ерлік: Түркістандық Шахматшылардың Тарихи Жеңісі

redaktor_rastimes

Пікір жазу