RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіп

Ұйғыр ауданындағы кәсіпорын 2500 гектарға су үнемдеу технологиясын ендіруде

Алматы облысы әкімінің орынбасары Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы және облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сыдықов Димаш Рашидұлы Ұйғыр ауданына іс-сапармен барып, ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар маңызды нысандарды аралады.

🔹 Заманауи технологиялар – тиімділік кепілі Әкімдік өкілдері, «Assem Kaljat» ЖШС кәсіпорнының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын 2500 гектар жер аумағына тамшылатып суару технологиясын енгізуде, тиісінше су үнемдеуді және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруды көздейді. Егіс алқабына дәнді жүгері және емдік шөпті (қызыл мия) өсіруді жоспарлауда.
🔹 Суармалы жерлерді тиімді пайдалану Жұмыс тобының іс сапары аудандағы су каналдарын қараумен жалғасты. Сапар барысында өңірдегі су каналдарының жағдайымен танысып, су ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды. Мердігер компанияларға және аудан әкімдіктері өкілдеріне бірқатар тапсырма берілді. Қазіргі таңда суармалы жерлерді дамыту – ауыл шаруашылығының басты басымдықтарының бірі.

🔹 Ауыл шаруашылығына жаңа серпін Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы саласын қолдауды жалғастыра отырып, су үнемдеу технологияларын енгізуге, инфрақұрылымды жақсартуға және фермерлердің мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударады.

Дереккөз: Алматы облысының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда санавиация қызметі 15 жедел жәрдем көліктерімен толықты

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҚР VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

redaktor_rastimes

«Тұран су» кәсіпорны І кезең бойынша 14 жобаны іске асырады

Пікір жазу