RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономика

Үкімет Салық кодексіне енгізілген түзетулерді бизнеспен талқылайды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің салық заңнамасына жаңа түзетулер ұсынылды.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС – бұл жалпы үлестің 25%-ын құрайтын бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі екенін атап өтті. ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру және саралау бюджеттің мұнайдан түсетін өзгермелі кірістерге тәуелділігін азайтуға, Ұлттық қордың жинақ функциясын күшейтуге және мемлекеттік басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ҚҚС төлеуден босатылатынын айтты. Оның ішінде заңды тұлғалар да бар. Ал қазір олардың төлемдері ҚҚС-тың тек 30%-ын құрайды. Енді олар төлемейді. Осылайша, Қазақстанда өндірілген барлық өнімдер – картоп, қызанақ, пияз, қырыққабат бәсекеге нұғырлым қабілетті болады.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласы үшін төмендетілген 10% мөлшерлемені белгілеу ұсынылады. Алайда, ол сараптамалық қоғамдастықпен және бизнеспен талқылау кезінде жоспарланған экономиканың басқа секторларына да әсер етуі мүмкін.

Премьер-министрдің орынбасары ҚҚС-тың 10% мөлшерлемесі әкімшілендірудің күрделілігімен байланысты екенін түсіндірді. Бірінші кезекте бизнес үшін. Екіншіден, салық органдары үшін.

«Мөлшерлемелер көп болған кезде – бухгалтерлік есеп күрделене түседі, декларация жасау қиынға соғады. Бұған жол бермеу үшін біз 16%, 10%, 0% және салықтан босатуды ұсынамыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Ол бүгінде кәсіпорындардың тек 4%-ы ҚҚС төлейтінін айтты. Көптеген компаниялар салық салуды болдырмау үшін бизнесті жасанды түрде бөлшектейді.

«Бұл салық жүйесін бұзады және ҚҚС-ты қалыпты есепке жатқызуға кедергі келтіреді. Сондықтан есепке қою шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылады. Шығындарды бөлшектеу құны бөлшектеуден түсетін пайдадан асып түсетін жағдайлар жасалады. Бұл бизнес үшін тең жағдай жасайды, жалтару схемаларын болдырмайды. Бұл мәселеде біз халықаралық тәжірибеге бағдарланып отырмыз. Экономикасы дамыған және дамушы елдердің көпшілігінде ҚҚС шекті мәні әлдеқайда төмен немесе мүлдем жоқ», — деп толықтырды вице-премьер.

Мысал ретінде Канада, Оңтүстік Корея, Скандинавия елдерінің, Шығыс Еуропа мемлекеттерінің және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты жақын көршілердің тәжірибесі ұсынылды, оларда шекті мән Қазақстанға қарағанда төмен.

Сонымен қатар бөлшек салық режимін қайта қарау ұсынылады:

– Ұсынылған оңайлатылған декларация режимі бойынша кіріс шегі 600 мың АЕК мөлшерінде сақталады, бұл – жылына 2 359 млн теңге;

– Жұмыскерлер саны бойынша шектеулер алып тасталады;

– Егер өткізуден түскен кіріс жылына 100 млн теңгеден асатын болса, ЕТҚ шегеріледі; жалақыны ақтауды ынталандыру үшін 100 млн теңге;

– 4% мөлшерлеме сақталады (мәслихаттардың 50%-ға төмендетуге мүмкіндігі болады);

– Негізгі шарт қызмет түрлерін қысқару және B2C сегментінде ғана өткізу.

Ұсынылған өзгерістер жыл сайын 4-5 трлн теңге мөлшерінде салық түсімдерінің өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл қаражат: Ұлттық қорға тәуелділікті азайтуға, мемлекеттік қарыз деңгейін төмендетуге, қосымша ресурстарды инфрақұрылымды, агроөнеркәсіптік кешенді, өңдеу өнеркәсібін және қорғанысты дамытуға көмектеседі.

«Салықты көтерудің ықтимал инфляциялық әсері қысқа мерзімді болатынын және бір жыл ішінде аяқталатынын атап өту қажет. Қосымша инфляция 2,5-3 % көлемде күтіледі», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар вице-премьер Қазақстандағы салық реформасына қатысты жұмыс ашық түрде сарапшылармен бірге жүргізілетінен тоқталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгіннен бастап өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен бірге Үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кіріседі.

«Жұмыс тобы жолға шықты. Барлық ұсыныстарды тыңдаймыз және диалогқа дайынбыз. Талқылау аяқталғаннан кейін және барлық ұсыныстар жиналғаннан кейін біз сараланған мөлшерлемелер мен арнайы салық режимдері және ҚҚС бойынша есепке қою шегінің мәні туралы түпкілікті шешім қабылдауға дайын боламыз», — деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

redaktor_rastimes

ШАРДАРАДА 4 КАНАЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП, 1306 ШАҚЫРЫМ ҚАШЫРТҚЫ ТАЗАЛАНУДА

redaktor_rastimes

Пікір жазу