RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономика

Оман инвестициялық банкінің өкілдерімен ынтымақтастықтың жаңа форматтары талқыланды

Премьер-министрдің орынбасарлары Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оман инвестициялық банкінің (OIB) өкілі Ибрагим Әл-Эйсеримен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматтарын талқылады.

Ибрагим Әл-Эйсери Парсы шығанағы елдерінің Орталық Азия аймағына, атап айтқанда, логистика саласына инвестиция салуға қызығушылық танытатынын атап өтті.

Тараптар Оман банкінің Қазақстандағы ресми өкілдігін ашу мәселесін қарастырды.

Оман делегациясы Қазақстанға Парсы шығанағы, ОА және Кавказ елдерінің макроөңірлері арасындағы экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын құруда серіктес болуды ұсынды.

Кездесу Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаиди мырзаның Қазақстанға ресми сапары және Астанада өтетін Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының 1-отырысы қарсаңында өтті.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

КИЕЛІ ТҮРКІСТАНҒА АҚ ЖАЙЫҚТЫҢ ӨНЕР КЕРУЕНІ КЕЛДІ

redaktor_rastimes

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ ТІРЕГІ

КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР КҮНІНЕ 250 ТОННА ӨНІМДІ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРАДЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу