RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкономика

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ШЫНЫ ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, индустриалды аймақтарды дамыту және көбейту жұмыстар жалғасып жатыр. Осы бағытта Ордабасы ауданы, «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан «KazKioti» ЖШС-нің базасында «Стекло Rez» ЖШС-нің шыны өңдеу және шыныны жоғары температурада шынықтыру жобасы жүзеге асты.
Жобаның қуаттылығына келсек, айына 20 000 шаршы метр шыны өндіруге қауқарлы. Жалпы инвестициялық құны – 710 млн теңге. Жаңа өндіріс аймағында 2 ауысымда 10 адам жұмыспен қамтылады.
Бұл – Ордабасы ауданы үшін маңызды әрі инновациялық жобалардың бірі. Өнімнің жаңа түрін шығаруға бағытталған бұл өндіріс цехы Италияның заманауи технологиялық жабдықтарымен жабдықталған.
Шикізат Ресей, Түрікменстан мемлекеттері мен Қызылорда қаласындағы «OrdaGlass» ЖШС табақ шыны зауытынан әкелінеді.
Өнімдер жоғары температурада шынықтыру арқылы алынған шыны автокөліктерге, техникаларға, заманауи архитектуралық нысандардың фасадтық терезелері мен әртүрлі мақсаттағы дайын өнім түрлеріне қолданылады.
Бұл жоба – аймақтың индустриялық әлеуетін арттыратын маңызды қадам.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 142 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

redaktor_rastimes

Атырауда 900 орындық жаңа мектеп ашылды

redaktor_rastimes

ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі

redaktor_rastimes

Пікір жазу