RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Түркістан облысында инфрақұрылымдық даму, экологиялық қауіпсіздік және заңсыз құрылысқа қарсы күрес шаралары күшейтілуде

Түркістан облысында инфрақұрылымдық даму, экологиялық қауіпсіздік және заңсыз құрылысқа қарсы күрес шаралары күшейтілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында Төлеби ауданындағы инфрақұрылымдық мәселелер, экологиялық қауіпсіздік және заңсыз құрылысқа қарсы күрес шаралары талқыланды. Аудан әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, Төлеби ауданында 55 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Дегенмен, кейбір елді мекендерде су құбырларын жаңартып, жаз мезгілінде су тапшылығын жою қажет. Осы ретте Балдыберек өзен бойындағы 12 елді мекендегі 25 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамту, су тапшылығын шешу мақсатында төрт жоба ұсынылды. Ал Леңгір қаласындағы ауыз су мәселесін шешу үшін «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі аумағындағы Ақмешіт бұлағынан су тарту жоспарлануда. Сондай-ақ 12 елді мекендегі ауыз су сапасын жақсарту мақсатында қосымша ұңғымалар қазылуда.

Жиында дала өрттерінің алдын алу жұмыстары, шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары талқыланып, бұл бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды. Төлеби ауданында биыл суға бату оқиғасы тіркелмеген. Осы ретте демалыс аймақтарындағы бассейндерге оқыс оқиғалардың алдын алу үшін туристік полиция бөлімін іске қосу, дәрігер мамандарын қызметке алу ұсынылды. Сондай-ақ, жол апаты жиі орын алатын аймақтарға сергек камераларын көбейту жоспарлануда.

Өңірдің су қорғау аймақтарындағы заңсыз құрылыс нысандарын анықтап, тиісті жұмыстар жүргізу жалғасуда. Жалпы 85 нысан зерделеніп, заң талаптары сақталмаған 44 нысан иелеріне ескерту хат жіберілген. Хаттама түзіліп, тиісті шара қабылдау жөнінде ұсыныс берілді. Сондай-ақ, туристерді «E-Qоnaq» жүйесіне тіркеу жұмысы жанданады.

Зұлпыхар Сансызбайұлы жиын барысында тиісті сала өкілдеріне хаттамалық тапсырмалар жүктеп, олардың жүйелі орындалуы қатаң қадағаланатынын ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

Диқан спорт кешенін тарту етті

redaktor_rastimes

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

Ұйғыр ауданындағы кәсіпорын 2500 гектарға су үнемдеу технологиясын ендіруде

redaktor_rastimes

Пікір жазу