RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтаринвестициятуризм

Түркістан облысы – халықаралық ықпалдастықтың жаңа белесінде

Түркістан облысы Солтүстік-Шығыс Азия елдерінің Өңірлік әкімшіліктері Ассоциациясы – NEAR ұйымының корреспондент мүшесі атанып, халықаралық серіктестік аясын кеңейту жолында маңызды әрі тарихи қадам жасады. Бұл мәртебе облыстың сыртқы байланыстары мен халықаралық қатынастар саласындағы әлеуетінің артқанын білдіреді.

Корея Республикасының Кенсан-Пукто провинциясында өткен NEAR ұйымының 15-ші Бас Ассамблеясына Түркістан облысынан делегация құрамында туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов қатысты. Форум аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық мүмкіндіктері, халықаралық ынтымақтастыққа ашықтығы және туризм саласындағы әлеуеті туралы мазмұнды баяндама жасалып, қатысушы мемлекеттердің өкілдері тарапынан жоғары бағаланды.

NEAR – Солтүстік-Шығыс Азия кеңістігіндегі өңірлік ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған беделді халықаралық платформа. Аталған ұйым құрамында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея, Моңғолия және Ресейдің 78 аймақтық әкімшілігі бар. Ұйымның басты миссиясы – мүше өңірлер арасындағы өзара сенім мен түсіністікке негізделген экономикалық, мәдени және әкімшілік тәжірибе алмасуды дамыту арқылы тұрақты және үйлесімді дамуға қол жеткізу.

Түркістан облысының NEAR ұйымына қосылуы – өңір үшін стратегиялық маңызы бар шешім. Бұл мүше елдермен тікелей қарым-қатынас орнатып, түрлі саладағы үздік тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен бірге, Түркістанның жаһандық деңгейде танымалдығын арттырып, оның рухани, мәдени және экономикалық әлеуетін бүкіл әлемге танытуға жол ашады.

Өңірдің NEAR аясындағы белсенділігі Қазақстанның халықаралық бастамаларға қолдау көрсету мен Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты күшейту бағытындағы ұстанымына толық сай келеді. Бұл – Түркістанның тек еліміздің рухани астанасы ғана емес, сондай-ақ халықаралық әріптестік пен инновациялық даму орталығына айналып келе жатқанын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

redaktor_rastimes

Пайдаланылмаған 2 млн. гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылмақ

redaktor_rastimes

Ақмола облысында 2 ферма ашылды

Пікір жазу