RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау мен инклюзияны қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы бастамаларын жүзеге асыруда Түркістан қаласында әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты әрі ауқымды қадамдар жасалып келеді. Әсіресе ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көрсетілетін қолдаулардың жүйелілігі мен ауқымы бұл бағыттағы жұмыстың маңызын айқын көрсетуде.

Бүгінде Түркістан қаласында 12 031 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде 7583 азамат жеке оңалту бағдарламаларына тартылып, олардың күнделікті өміріне қажетті құралдар мен қызметтермен қамтылуы – әлеуметтік әділеттіліктің нақты көрінісі.

2025 жылдың алғашқы бес айында мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан 6325 өтініш тіркеліп, соның 4033-і оң шешімін тауып, қажетті техникалық және медициналық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілген. Мәселен:

  • Протез-ортопедиялық бұйымдармен 374 азамат қамтамасыз етілді;

  • Сурдо және тифлотехникалық құралдар 203 адамға берілді;

  • Арнайы жүріп-тұру құралдары 227 адамға үлестірілді;

  • Санаторлық-курорттық ем қабылдауға 654 азамат жіберілді;

  • Жеке көмекшінің қызметін 267 адам тұрақты түрде пайдаланып отыр;

  • Ымдау тілі мамандарының көмегіне 148 азамат жүгінген;

  • Міндетті гигиеналық құралдар 2160 азаматқа үлестірілді.

Бұл көрсеткіштер Түркістан қаласында әлеуметтік қолдау саясатының барынша кешенді әрі тиімді іске асырылып жатқанын аңғартады. Әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған бұл қадамдар қоғамдағы азаматтардың ешқайсысы шет қалмауы тиіс деген ұстанымның нақты жүзеге асуының айғағы.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында инклюзивті инфрақұрылым жүйелі түрде дамып келеді. Қала аумағында:

  • 11 инватакси көлігі жұмыс істейді, оны тұрақты түрде 211 азамат пайдаланады;

  • 4 әлеуметтік таксиді 51 адам күнделікті қолданып жүр;

  • Күндізгі қатынау орталығы арқылы 50 ерекше балаға кешенді әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі болып табылатын мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау – қоғамдағы адамгершілік пен әділеттілік өлшемінің айнасы. Осы орайда Түркістан қаласында атқарылып жатқан істер – бұл бағыттағы жұмыстардың нақты, нәтижелі әрі халық мүддесіне қызмет етіп жатқанын айқын дәлелдейді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда санавиация қызметі 15 жедел жәрдем көліктерімен толықты

redaktor_rastimes

РОБОТОТЕХНИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

redaktor_rastimes

Үкімет өкілдері Қостанайда кәсіпкерлермен салық реформасын талқылады

redaktor_rastimes

Пікір жазу