RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкология

ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысында шіркейге қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында.
Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен шіркейге қарсы шаралар бойынша кезекті штаб отырысы өтті. Жиында ағымдағы жағдай, шіркейге қарсы қолданып жатқан препараттар және олардың тиімдігілі қаралды. Сондай-ақ, аудан әкімдіктерінің есептері тыңдалды. Жауаптылар залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген ауылдарда дәрілеудің нәтижесімен бөлісті.
Одан бөлек, өңірде қолданылып жатқан биологиялық препараттың өндірушісі ООО «Сиббиофарм» компаниясының өкілі Александр Швыдковтың баяндамасы тыңдалып, «Бактицид» препаратын тиімді пайданалу тетіктері қосымша зерделенді.
Бүгінгі таңда биологиялық залалсыздандыру жұмыстарының 9 туры өткізіліп, 95 тонна «Бактицид» биопрепараты Сырдария өзеніне құйылды. Бұл бағытта 10 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, химиялық дәрілеу жұмыстары 15 секторда бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жалпы 51 елді мекен, 591 көшеде залалсызданыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 27 техника жұмылдырылған.
Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындауды тапсырып, бірқатар міндет жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан өңірінде тұрғындардың тұрмыстық әл-ауқатын арттыруға бағытталған инфрақұрылым жұмыстары қарқын алуда

redaktor_rastimes

Келес өңірінде тіршілік нәрі – таза ауыз су халыққа үздіксіз жетуде

Арыс қаласында жасыл желек пен табиғат тепе-теңдігін сақтау мәселесі талқыланды

redaktor_rastimes

Пікір жазу