RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

РӘМІЗДЕР – Мәңгілік ел мұрасы

Түркістандағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ел рухын асқақтатқан тағылымды шара өтті. Бұл – Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған «Рәміздер – Мәңгілік ел мұрасы» атты салтанатты–патриоттық жиын ерекше мәнге толы болды. Кітапхана кеңістігінде өткен бұл кездесуде халқымыздың тәуелсіздік пен елдікке деген адалдық сезімі терең мақтанышпен айшықталды. 1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның Көк Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ресми бекітіліп, әлемге тәуелсіз ел екенімізді паш еткен ұлы күн ретінде тарих бетіне жазылды.

Іс–шара Ұлттық ұлан сарбаздарының салтанатты саппен кіруімен басталды. Залда Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіліп, таңғажайып күйде Әнұран шырқалды. Кездесу мигінде сөз алған Фараб кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы рәміздердің ұлт өміріндегі рөлін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, еліміздің тыныштығын күзетудегі аға инспектор Абызбеков Бексұлтан Айтмұханұлы азаматтық қорғаныс майоры ретінде, полиция капитаны Аманов Мансұр Сәрсенбайұлы, Ұлттық ұлан лейтенанты Ережепов Қалжігіт Ержігітұлы елдің біртұтастығын сақтаудағы өз парасаттарын рухани тереңдігімен жеткізді.

Одан әрі жүрек тебірентер «Қазақстан» әнін зор құлшыныспен орындаған Жазира Сабирова залдағы әрбір жанның даланың кеңдігіндей жүрегіне толқыныс сыйлады. Ұлттық ұлан сарбазы Кашканкулов Ердәулет «Самға, қазақ» күйін тарту етіп, елжандылықты жырлады. «Сымбат» би тобы орындаған «Кең жайлау» биі кең қазақ даласының кеңдігін, ұлттық салт–дәстүрдің тереңдігін рухани биледі. Балалар мен жасөспірімдер өнерін паш еткен көркемсөз оқушылары өздерінің жүрек үнімен елге деген сүйіспеншілікті жеткізді. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің орындаған патриоттық әндері мерекелік көңіл-күй сыйлап, жиналғандардың рухын тербеді.

Іс–шара соңында Отанға адал қызмет етіп жүрген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, 2–полиция батальоны, Ұлттық ұлан 5574 әскери бөлімі мен қолғабыс көрсеткен кітапхана қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл шара – тек салтанатты жиын ғана емес, ұлттық мәдениетті нығайтқан, жастардың санасына рәмізге деген құрметті сіңірген тәлім-тағылым мектебі болды. Рәміздер – біздің рухымыз, болмысымыз, мәңгілік мұрамыз.

Спросить ChatGPT

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Жайлы мектеп» жобасы қарқын алуда: директорлармен өзекті мәселелер талқыланды

redaktor_rastimes

Обырды емдейтін заманауи орталықтар ашылады

Парижде «Көшпенділер әуендері» әуеледі

Пікір жазу