RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпорт

Президент спортты дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты

Президент спортты дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты

Бүгін халыққа жолдауын арнаған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше  көңіл бөлу қажеттігін айтты.

«Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым.

Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айрықша мән бергені жөн деп санаймын», — деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: Ақорда

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан руханиятының жаңа тынысы: «TMDT LIVE» шығармашылық кеші өнер мен өркениеттің үндестігін көрсетті

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ САЛАСЫ ЖАҢА СЕРПІН АЛДЫ

redaktor_rastimes

Түркістан өңірі егістікке ерте қамданды

Пікір жазу