RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғамӘлем

Кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу жайы талқыланды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтіп, кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері талқыланды. Іс-шараға мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінің негізгі тақырыбы нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау шеңберінде кемсітушілікке қарсы заңнамаларды әзірлеу мәселелері бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді талқылау болды.

Жұмыс тобының мүшелері биылғы қорытынды отырысқа одан әрі ұсынымдар беру үшін мемлекеттік органдардың ұстанымдарын білдірді.

 

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан төрінде – ақ сүттен басталған мәртебелі көрме: еліміздің үздік ешкі тұқымдары сараланды

Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тұңғыш түлектері үлкен өмірге қадам басты

redaktor_rastimes

Ұлытау облысында департаментке басшы тағайындалды

redaktor_rastimes

Пікір жазу