RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономикаӘлем

Қазақстан Сыртқы істер министрі Еуропалық одақ Елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкичті қабылдады.

Сұхбат барысында тараптар қазақ-еуропалық ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын толыққанды талқылап, ағымдағы жылғы биік және жоғары деңгейде жоспарланған екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Халықаралық және өңірлік күн-тәртібінің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

М.Нұртілеу Қазақстанның Еуропалық одақпен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілділігін ерекше атап өтіп, сауда және инвестиция, көлік-логистика, аса маңызды шикізат, цифрландыру секілді ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар Еуроодақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық режимін жеңілдету мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар бұл бағыттағы келіссөздерге дайындықты жалғастыруға қатысты берік ұстанымын растады.

Өз кезегінде А.Симкич өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын құптап, екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға күш салуға дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.

Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі. Ағымдағы жылғы қаңтар-қараша аралығында тауар айналымы 44,2 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артты. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына еуропалық инвестицияның көлемі 180 млрд долларға жетті.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

Геологиялық барлау мен жер қойнауын пайдалануды дамыту жөнінде кеңес өтті

redaktor_rastimes

Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДЫҚ 10 ОҚУШЫ ДӘУЛЕТ СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШҚТУ РЕКТОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу