RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Ел рәмізі – ел рухы

Еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін айшықтайтын ең қасиетті белгілер – мемлекеттік рәміздер әрбір қазақ баласының жүрегінде ерекше орнын алған құнды рухани байлық. Осы орайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған дәстүрлі мерекелік шара Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Асықата аймақтық балалар кітапханасы филиалында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше мәнге ие болды. «Ел рәміздері – ұлттық рухтың айнасы» атты тәрбиелік мәні зор тағылымдық әңгіме барысында кітапханашы Қашқынбаева Жібек пен «Балдәурен» балалар клубының мүшелері бірлесе отырып жас жеткіншектердің бойына отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің тамырын тереңдетуді басты мақсат етті. Бұл кеш Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұранының әрқайсысының шығу тарихы мен символдық мағыналарын балаларға түсіндірумен басталып, олардың жүрегіне ұлттық рәміздердің мән-маңызын ұғындыруға бағытталды. Балаларға Тудың көк түсі – бейбітшілік пен шексіз аспанның, күннің жарқырауы мен қыран құстың еркіндік пен асқақ рухтың белгісі екендігі нақтыланып, Елтаңбадағы шаңырақ пен уықтардың қазақтың отбасылық бірлігін, ұлттық құндылықтарын бейнелейтіні жан-жақты түсіндірілді. Әнұранды бірге шырқау сәтінде әрбір баланың көзіне патриоттық сезімнің жарқылы ұялып, бірлік пен ынтымақтың көрінісі ретінде қабылдады. Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен сүйіспеншілік туралы өз пікірлерімен бөлісіп, «Менің Туым – менің мақтанышым», «Рәміздер – елдігіміздің белгісі» тақырыптарында ой толғаулар жасады. Бұл пікірталастар жас ұрпақтың санасында патриоттық ұғымды орнықтырып, ел мен жерге деген адалдық сезімін қалыптастыруға зор ықпал етті. Кітапхана қызметкерлері балаларға арнап арнайы әдебиеттер мен иллюстрациялық материалдар дайындап, оларды мемлекеттік рәміздердің тарихы мен символикасы туралы тереңірек білім алуға жетеледі. Шараның басты мақсаты – оқушылардың туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік құндылықтарға деген құрметті сіңіру, сондай-ақ отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу болып табылды. Осындай мәнді іс-шаралар арқылы жас ұрпақ бойында өз мемлекетін сүйетін, оның тарихи жетістіктерін бағалайтын, ұлттық рухын жоғары көтеретін азаматтар қалыптасатынына сенім мол. Кеш соңында балалар мен ата-аналар, ұстаздар арасында ел рәміздеріне қатысты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, барша қатысушылардың патриоттық сезімі одан әрі нығая түсті. Бұл тағылымды іс-шара – жас ұрпақтың жүрегіне мемлекеттің символдары жайлы терең түсінік пен мақтаныш сезімін дарытып, оларды өз елінің нағыз патриоты болуға үндеген маңызды рухани іс-шараға айналды. Мемлекеттік рәміздер – бұл тек ресми белгілер емес, ол әрбір қазақстандықтың жүрегіндегі елдік пен тәуелсіздік идеясын шексіз айқындайтын қасиетті жәдігер екенін ұғындыру – бүгінгі ұрпақ алдындағы ең маңызды тәрбиелік міндеттердің бірі болып қала береді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ 20-ҒА ЖУЫҚ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

redaktor_rastimes

Мобильді аударымдар туралы не білуіңіз қажет

Түлкібастың туризм картасына жаңа тыныс: өңірде құны 2,3 миллиард теңгені құрайтын үш ірі жоба жүзеге аспақ

Пікір жазу