RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтаринвестицияЭкономика

Ақмола облысында орақ науқаны қызды

Ақмола облысында орақ науқаны қарқын алуда: диқандар 2 млн. тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды бастырды.

Шортанды ауданына  жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов «Петровское» АҚ алқаптарын аралап, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

Өңір басшысы Ақмола облысы елдің астықты аймағы әрі басты аграрлық өңірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы өңірдің агроқұрылымдары саланың дамуына драйвер болуы тиіс:

«Мол өнім, жоғары қайтарым және әлеуметтік жауапкершілік қатар жүруі қажет. Жер құнарлылығын тиімді пайдалану, ғылыми тәсілді енгізу және мемлекеттік қолдауды орнымен қолдану керек. Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда ауыл шаруашылығы экономиканың басты драйверіне айналуы тиіс екенін айқын атап өтті», – деді Марат Ахметжанов.

Шортанды ауданында 199,5 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, шамамен 40 мың га мал азығы дақылдары егілген. Бүгінгі күнге дейін егіс алқаптарының 30%-ы жиналды, орташа өнімділік 15,5 ц/га құрап, 108,9 мың га бастырылды.

Әкімнің жұмыс сапары Петровское ауылында жалғасты. Мұнда кәсіпорын халыққа қомақты көмек көрсетіп келеді. Оның балансында спорт кешені мен демалыс орталығы бар. Сонымен қатар, АҚ мектеп пен балабақшаны тамақпен қамтамасыз етеді, жолдарды жөндейді және көше абаттандыру жұмыстарымен айналысады.

Компания президенті Данияр Абентаевтың айтуынша, кәсіпорын алдағы уақытта да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін белсенді дамытуға ниетті.

Дереккөз: Ақмола облысының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Қарнақтағы тағылымды кеш: жас ұрпаққа ерлік рухын сіңірген кино көрсетілім

redaktor_rastimes

Көңілдегі кеңдік, кадрдағы келісім: Түркістанда бейбіт өмір мен бірлікті арқау еткен фотобайқау ел ықыласына бөленді

redaktor_rastimes

КЕЛЕС ТӨРІНДЕ ЖЕЛБІРЕГЕН КӨК ТУ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК МАҚТАНЫШЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу