RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарӘлеуметтік сала

Адал қызмет пен жанашырлық жолында: Түркістан облысында халықпен ашық диалог пен әлеуметтік нысандарды бақылау жалғасуда

Түркістан об аулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау бағытындағы бірқатар нысандарды аралаған облыс басшылығы ең алдымен Жүзімдік ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен Бесқұбыр елді мекеніндегі бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығына барды. Құрылысы жүріп жатқан бұл нысандардың болашақта ауыл тұрғындары үшін қолжетімді, тегін медициналық қызмет көрсететін маңызды мекемелерге айналуы жоспарланған. Құрылыс барысы қатаң бақылауға алынып, жауапты мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктелді. Ел игілігі үшін салынып жатқан әрбір құрылыс сапалы әрі мерзімінде аяқталуы тиіс екенін баса айтқан Бейсенбай Дәулетұлы тұрғындардың денсаулығы басты назарда екенін жеткізді.

Сапар барысында Келес аудандық «Абай» ауруханасына ат басын бұрған облыс әкімінің орынбасары аурухананың ішкі жағдайымен, қызмет көрсету сапасымен танысты. Бұл аралауға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуалиев, облыстық жедел жәрдем станциясының басшысы Б.Мырзагелдиев және аудандық аурухананың басшысы С.Исахова да қатысты. Жиын барысында өңір халқының ем алу барысында еркін таңдау құқығы бар екені түсіндіріліп, медициналық ұйымдардағы қызмет көрсету үдерістерінің заң талаптарына сай болуын қамтамасыз ету міндеті көтерілді. «Жаңақоныс» елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің жұмысы да назардан тыс қалмады.

Әлеуметтік мәселелермен қатар, білім саласы да облыс басшылығының басты назарында. Осы орайда Сарыағаш ауданына қарасты Ынтымақ елді мекенінде орналасқан №9 Майлықожа мектебіндегі күрделі жөндеу жұмыстары тексерілді. 1986 жылы бой көтерген, 824 оқушыға лайықталған бұл білім ұясы бүгінде заман талабына сай жаңғыртылуда. Құрылыс жұмыстарын облыстық бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру қолға алынған. Жаңарту жұмыстары мамыр айында басталып, ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін толық аяқталуы жоспарланып отыр. Бейсенбай Тәжібаев бұл нысанның тек уақытылы емес, сапалы түрде аяқталуы қажеттігін ерекше атап өтіп, мердігер мекемеге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жұмысқа жанашырлықпен қарауды міндеттеді.

Облыс аумағында халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ашылған «Отбасын қолдау орталықтарының» қызметі де назардан тыс қалмады. Бүгінде мұндай орталықтар Түркістан облысының барлық 17 аудан және қаласында жұмыс істейді. Бейсенбай Дәулетұлы Келес ауданындағы осындай орталыққа арнайы барып, ондағы жұмыстармен танысты. Орталықтың қызметкерлері консультациялық көмек көрсету, жан-жақты сүйемелдеу, әдістемелік және ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу бағытында белсенді қызмет атқарып келеді. Бұл мекеме әлеуметтік осал топтарды қолдауда, мемлекеттік көмектердің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаруда. 1 маусымға дейін орталыққа 293 адам жүгініп, 481 түрлі қызмет көрсетілген. Олардың дені – аз қамтылған отбасылар, көпбалалы аналар және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жандар.

Осылайша, Түркістан облысы әкімінің орынбасарының сапары тек бақылаумен шектелмей, тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға бағытталды. Бұл – билік пен халық арасындағы ашықтықты нығайтып, жергілікті деңгейде туындаған түйткілдерге шұғыл әрі тиімді жауап қайтаруға негізделген маңызды қадамдардың бірі. Елдің амандығы мен тұрмыс сапасы – мемлекет үшін ең басты құндылық.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШПАҚ

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілін қабылдады

Алатау ауданын дамыту мәселелері бойынша Жобалау кеңсесінің отырысы өтті

redaktor_rastimes

Пікір жазу