RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпМәдениетСұхбатҚоғамӘлем

Жаңаөзенде түнде жарқырап тұратын «Домбыра» инсталляциясы орнатылды

Жаңаөзен қаласының кіреберісіне биіктігі 10, ені 4 метр болатын «Домбыра» инсталляциясы орнатылды.

Бұл арт-объект суретке түсу үшін тартымды орын ғана емес, қазақтың үні мен асыл дүниесін жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру бағытында маңызды рөл атқармақ.

— Домбыра — біздің тарихымыз, ұлттың үні. Ата-бабамыз ішкі күйзелісін де, қуанышын да домбырамен жеткізген. Келіннің бетін де ұлттық аспаппен ашқан. Біз Жаңаөзенді қаймағы бұзылмаған салт-дәстүр мен мәдениеттің ошағы, білім мен өркениеттің қаласы екенін көрсеткіміз келді, — дейді Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әділет Сәми.

Қазіргі уақытта инсталляция аумағына қосымша жарық шамдар қойылып, аббаттандырылуда.

 

Дереккөз: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» «КИБЕРКЕҢІСТІКТЕ АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУ МӘДЕНИЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Қазақстан мен Қытай туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

78 қазақстандық кәсіпорын ҚХР БКБ-ның аккредитациясынан өтті

Пікір жазу