RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидентСаясатЭкономикаҚоғамӘлем

Ұлытау облысында департаментке басшы тағайындалды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды. 
Нұржан Қарақожаев 1976 жылы 10 желтоқсанда туған.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Жерді үйлестіру» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің жетекші маманы, бас маманы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының бөлім басшысы және Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясында бөлім басшысы болған.
Соңғы жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің бас сарапшысы болып қызмет етті.
Дереккөз: Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королімен келіссөз жүргізді

redaktor_rastimes

Art Forum: Креаторлар мен арт-менеджерлер Қазақстандағы креативті индустриялардың дамуын талқылады

redaktor_rastimes

Ескі үйлердің орны алаңға айналды

Пікір жазу