RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Түркістанның туризм келбетін айқындайтын жаңа бастамалар

Түркістан облысы дамудың жаңа белесіне қадам басып келеді. Облыс орталығы мен аудан-аймақтардың сәулеттік келбетін жаңғырту, туристік әлеуетін арттыру бағытында нақты жобалар қолға алынуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен штаб отырысында өңірдің көркін келтіретін бірқатар жаңа нысанның жобалары таныстырылып, олардың сәулеттік үлгілері жан-жақты талқыланды. Әрбір ұсынылған жобаға мұқият зер салған аймақ басшысы, нысандардың қазіргі заман талабына сай, сапалы әрі үйлесімді болуы керектігін атап өтіп, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді. Ол, әсіресе, құрылыс барысында сапалы материалдар қолданылуы қажет екенін қатаң ескертті. Жиында сәулетшілер мен құрылыс мамандары, сондай-ақ инвесторлар облыс аумағында жүзеге асырылатын жобалармен таныстырып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Солардың қатарында Түлкібас ауданындағы Иірсу каньонында табиғатты тамашалауға арналған бақылау алаңын тұрғызу, Кентау қаласында тынығуға жайлы демалыс аймағын салу сынды тың идеялар бар. Бұдан бөлек, облыстағы теміржол вокзалдарын жаңғырту, Түркістан қаласындағы «Отырар» шағынауданында бес қабатты тұрғын үй салу, теміржол вокзал маңын абаттандыру, сондай-ақ «Яссы» және «Бекзат» шағынаудандарын көркейту жөніндегі ұсыныстар да назарға алынды. Осы жобалар арқылы Түркістанның тарихи рухына заманауи тыныс беріліп, туристерге тартымды, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру көзделіп отыр. Қала мен ауданның келбетін өзгертіп, жаңа серпін беретін бастамалар жүйелі жүзеге асуы үшін олардың әрқайсысының сапасы мен үйлесімділігі қатаң бақылауға алынатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

redaktor_rastimes

Түркістан төрінде күйдің киесі төгілді: «Күй құдіреті» республикалық байқауы ел рухын тербетті

Қазақстанда үш әуежайдың құрылысы басталды

redaktor_rastimes

Пікір жазу