Киелі Түркістан қаласының өркендеу жолындағы маңызды басымдықтарының бірі – заманауи инфрақұрылым мен сапалы кәріз жүйесін қалыптастыру бұл бағытта соңғы жылдары жүйелі жобалар қолға алынып олардың орындалуы күн өткен сайын қарқын алып келеді облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып Түркістандағы сарқынды суларды тазарту имаратының жай-күйімен танысып ондағы жөндеу жұмыстарының барысын көзбен көріп жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді қазіргі таңда шаһардың сарқынды суларын жинап тазартып табиғатқа қайта жіберетін негізгі нысандардың бірі – №2 кәріз тазалау блогы күрделі жөндеуден өтуде бұл құрылыс аяқталған соң нысан толықтай механикалық биологиялық химиялық әрі технологиялық тазалау жүйелерімен жабдықталып қайта жаңғырады бұл жобаға мемлекет қазынасынан 400 миллионнан астам теңге қаржы қарастырылған ал құрылыс биылғы қараша айында толық аяқталып пайдалануға беріледі деп күтілуде облыс әкімі қала әкімдігі мен мердігер мекемелерге жұмыстардың сапасын ерекше қадағалап қала тұрғындарының игілігі үшін инфрақұрылымдық жобаларды үнемі назарда ұстауды тапсырды Түркістанның кәріз жүйесін дамыту ісі соңғы жылдары ерекше екпінмен жүріп жатқаны айқын 2018 жылы қаланың кәрізбен қамтылу деңгейі небәрі 15 пайызды құраса бүгінде бұл көрсеткіш 36 жарым пайызға жетіп отыр 2020-2025 жылдар аралығында бұл салада ірі жобалар жүзеге асырылуда бүгінде Түркістан қаласында қолданыстағы сарқынды су құбырларының жалпы ұзындығы 401 шақырымнан асады бұл жүйеге он жеті мыңнан астам абонент қосылған алайда қала көлемі ұлғайған сайын кәрізге деген сұраныс артып отыр сол себепті ұзындығы 263 шақырымнан асатын жаңа сарқынды су жүйесін тарту жұмыстары жүргізілуде бұл жобалар аясында инженерлік инфрақұрылымды толық қамту мақсатында тағы да ауқымды құрылыс жоспарланған атап айтқанда алдағы уақытта бес сарқынды су тазалау имараты жиырма бір канализациялық сорғы станциясы мен төрт шығын реттегіш құдықтың құрылысы қолға алынбақ бұл нысандар іске қосылған жағдайда кәріз жүйесінің қуаттылығы айтарлықтай артып тұрғындарды сапалы қызметпен қамтуға жол ашылады қазіргі таңда қала аумағында он үш нысанда құрылыс жүріп жатыр олардың ішіндегі жеті жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталып ел игілігіне беріледі деп жоспарланған бұл жұмыстар толық орындалған жағдайда Түркістан тұрғындарының басым бөлігі орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылып тұрмыс сапасы жаңа деңгейге көтеріледі мұндай тың жобалар қаланың кешенді дамуына серпін беріп Түркістанды шын мәніндегі заманауи қала ретінде қалыптастыруға негіз болары сөзсіз.