RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпорт

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫ ҚЫЗДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫ ҚЫЗДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ

Қызылорда қаласында бокстан жасөспірім қыздар арасында ел чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшылар бақ сынаған айтулы сында Түркістан облысының құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, командалық есепте І орынды иеленді. Облыс қоржынына жалпы 4 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль түсті.

▪️Атап айтқанда, Айша Насанова 35 келіде, Сезім Нұрлыбек 43 келіде, Аруна Шалман 55 келіде және Нұргүл Сахи 67 келі салмақ дәрежесінде ел чемпиондары атанды. Сондай-ақ Индира Абраман 58 келіде, Мадинабану Бахтиярова 64 келіде, Зарина Жұмабаева 67 келі салмақта, Балжан Қалбек +70 келіде ел біріншілігінің күміс медаль олжалады. Одан бөлек, Айсезім Тұрсынбай 33 келіде, Інжу Пернебай 43 келіде, Асылжан Құрманбай 55 келі салмақта Айзере Бауыржан 58 келіде және Айару Ергешбай 70 келі салмақта қола жүлдегер атанып, Түркістан облысында бокс қарқынды дамығанын дәлелдей түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан мен Қытай арасындағы жаңа дәуір: Нұралхан Көшеров бастаған делегация инвестициялық серіктестікке жол ашты

redaktor_rastimes

ІТ-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту мәселелері қаралды

redaktor_rastimes

Түркістан өңірінде «Достық керуені» жобасы – Түлкібас ауданында бірлік пен татулықтың жаңа белесі

redaktor_rastimes

Пікір жазу