RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Түркістандық аграрлық мамандар Қытайдан халықаралық тәжірибе жинақтады

Түркістан облысы кәсіби мамандар даярлау ісінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтып келеді. Соның жарқын дәлелі – жуырда Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясына қарасты Вэйнань қаласында өткен халықаралық оқыту бағдарламасы. Бұл ауқымды іс-шара Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті дамыту мақсатында ұйымдастырылып, Түркістан облысының аграрлық колледждерінде еңбек ететін сегіз бірдей агроном-оқытушының қатысуымен өтті.

Аталған сапар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей қолдауымен жүзеге асқан. Облыс басшысының бастамасымен өңірдегі кәсіби білім беру мекемелерінің халықаралық деңгейге көтерілуі үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылып, шетелдік серіктестіктермен қарым-қатынасты кеңейту көзделуде. Бұл бастама агросала мамандарының біліктілігін арттырып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа технологияларды ендіруге жол ашады.

Қытайдағы оқыту бағдарламасын ұйымдастыруға елдің жетекші аграрлық университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары атсалысты. Бағдарлама мазмұны Орталық Азия елдерінің табиғи-климаттық және өндірістік ерекшеліктеріне арнайы бейімделіп жасалған. Түркістандық оқытушылар бұл курста органикалық егіншілік, тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиялары, агроинновациялар, тұқым шаруашылығы, цифрлық ауыл шаруашылығы, агробизнес негіздері, сондай-ақ экспортқа бағытталған өнім өндіру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп қайтты.

Сапардың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту, озық агротехнологияларды енгізу және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Курстың теориялық бөлімімен қатар практикалық жаттығулар да өткізілді. Қатысушылар Қытайдың заманауи ауыл шаруашылығына арналған зертханаларын, тәжірибелік егіс алқаптарын, тұқым өндіру және өңдеу кәсіпорындарын аралап, технологиялық үдерістермен етене танысты.

Жоба аясында болашақта бірлескен ғылыми-тәжірибелік жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Түркістандық мамандар алған білімін жергілікті деңгейде тиімді іске асырып, колледж студенттеріне заманауи үлгідегі аграрлық білім беру бағытында жаңа бетбұрыс жасауға ниетті.

Сапардың тағы бір маңызды нәтижесі – 2024 жылғы 7 шілдеде Вэйнань мен Түркістан қалалары арасында достық, ынтымақтастық және тәжірибе алмасу жөніндегі меморандумға қол қойылуы. Бұл келісім Қытай бас хатшысы Си Цзиньпин ұсынған “Бір белдеу – бір жол” бастамасының аясында жүзеге асып, халықаралық байланыстың жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді.

Вэйнань қаласының сыртқы экономикалық және техникалық ынтымақтастық бюросының бастамасымен өткен оқыту бағдарламасы — Қытайдың ауыл шаруашылығындағы заманауи тәжірибесін меңгерудің нақты алаңына айналды. Вэйнань өңірінің ауыл шаруашылығына қатысты бай ресурстық әлеуетіне сүйене отырып, алдағы уақытта да осындай мақсатты оқыту жобалары жалғасын табады.

Аталған халықаралық әріптестік Түркістан өңірінің аграрлық білім беру саласын жаңа деңгейге көтеріп, болашақ ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауда сапалы серпін беретіні анық.

Спросить ChatGPT

Ұқсас жаңалықтар

Көк Ту көкке көтерілген күн: Түркістанда Мемлекеттік рәміздерге тағзым етілді

redaktor_rastimes

Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасы тазартылды

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу