RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкология

Түркістанда Киелі Мекендер мен Тарихи орындарда Тазалық жарысы өтті!

Түркістанда киелі мекендер тарихи орындардың тазалығын сақтау мақсатында ерекше тазалық жарысы ұйымдастырылды. Шара Қарашық өзені, мазараттар мен мешіттер аумағында өтті. Жарысқа 1000-нан астам адам қатысып, 40-қа жуық команда өздерінің белсенділіктерін көрсетті. Қатысушылар арасында жоғары жән орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мешіт қызметкерлері, қаланың ерікті жастары, мемлекеттік қызметкерлер және қоғам белсенділері болды.

Қатысушылар киелі Түркістанның тазалығына ерекше көңіл бөліп, тарих пен мәдениетке құрметпен қарап, қоршаған ортаны тазартуға үлкен үлес қосты. Шара барысында 20 арнайы техника жұмылдырылып, көптеген қоқыс жиналды. Түркістан қаласы әкімдігі қатысушыларға ризашылық білдіріп, киелі мекендердің тазалығы мен сақталуының маңыздылығын атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша белсенділік танытқан командалар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Катар қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтады

Үкімет Салық кодексіне енгізілген түзетулерді бизнеспен талқылайды

redaktor_rastimes

САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРУДЕ

redaktor_rastimes

Пікір жазу