Қайырымдылық пен жанашырлықты ту еткен еріктілердің еңбегі ел игілігіне айналуы тиіс. Түркістанда өткен «Asyl MURA» волонтерлік әлеуметтік жобалар байқауы – дәл осы ұстанымды алға тартып, жастарды ортақ мүдде жолында жұмылдыратын, қоғамдық белсенділікті арттыратын игі бастамалардың бірі болды. «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының қабырғасында өткен бұл байқауды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» бірлесе ұйымдастырды.
Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында волонтерлік мәдениетті кеңінен насихаттап, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларға қолдау көрсету. Жас буынның бойындағы азаматтық жауапкершілік, белсенділік пен ізгілік қасиеттерін ұштап, волонтерлік қызметке жаңаша серпін беру – осы байқаудың өзегіне айналды.
Екі күнге созылған мазмұнды шараның алғашқы күнінде қатысушы командалар үшін арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылып, волонтерлік жобаларды тиімді басқару, көшбасшылық қабілетті дамыту, командамен жұмыс істеу тәсілдері, мотивация тетіктері секілді өзекті тақырыптарда практикалық сабақтар өтті. Бұл жастарға тек білім емес, болашақта өз жобаларын жүзеге асыруға қажетті бағыт-бағдар мен сенім сыйлады.
Ал екінші күн – нағыз шабыт пен бәсекеге толы күн болды. Түркістан өңірінен іріктелген 18 команда өз жобаларын көпшілік пен қазылар алқасының назарына ұсынды. Әрбір команда 7 минуттық форматта презентация жасап, жобасының өзектілігі, қоғамдық маңызы, жүзеге асу тетіктері мен ықтимал нәтижелерін ұтымды жеткізуге тырысты. Күннің көркін ашқан бейнеролик еріктілер еңбегінің мәнін терең бейнелесе, көркем би қойылымы кештің әсерін арттыра түсті.
Қазылар алқасы жобаларды бағалау барысында олардың мазмұнына, идеяның шынайылығына, әлеуметтік маңыздылығына, тиімділігі мен жаңашылдығына ерекше мән берді. Бұл байқау – жай ғана жеңімпазды анықтау емес, керісінше, жастардың ішкі әлеуетін танып, оларды ізгілік жолында қанаттандыру мақсатында ұйымдастырылғаны іс барысынан-ақ айқын сезілді.
Нәтижесінде, Түркістан қаласының намысын қорғаған «Жастар» командасы үздік деп танылып, байқаудың бас жүлдесіне
ң бастамалар арқылы өздерінің ел болашағы алдындағы міндетін терең сезініп, рухани биіктікке жол бастап келеді. Волонтерлік тек көмек көрсету ғана емес, ол – жүректен басталатын үлкен миссия. Ал дәл осы байқау – сол жүрек үніне құлақ түргендердің сахнасы болды.