RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН РУХЫН ТІРІЛТКЕН ТАРИХИ КӨРІНІС: «КЕРУЕН САРАЙДА» ТҰМАНДЫ ҒАСЫРДАН ТОМИРИС ОРАЛДЫ

Түркі өркениетінің алтын бесігіне айналған Түркістан қаласындағы көркемдік пен мәдениеттің символына айналған «Керуен сарай» кешенінде тағы бір тамаша туынды – жаңа тарихи қойылымның тұсауы кесілді. Бұл жолы сахна төрінде батырлығы аңызға айналған Сақ патшайымы Томирис ханшаның тағдыры мен ерлігі бейнеленді.

Көрермендерге ерекше әсер сыйлаған қойылым – тек сахналық көрініс емес, көне дәуір рухын қайта тірілткен өнер туындысы болды. Бұған дейін Қыз Жібек пен Төлегеннің шынайы махаббатын әсерлі жеткізген шығармашылық топ бұл жолы да көрерменнің жүрегіне жол таба білді.

Судың үстінде орындалған әсерлі хореография, заманауи жарық пен пиротехникалық шоу, этномузыкамен көмкерілген көркем образдар мен Сақ дәуіріне тән киім-кешектер – барлығы тұтас бір тарихи эпосты көз алдыға әкелгендей. Томиристің батырлығы, ел мен жер үшін күресі, рух пен тәуелсіздік жолындағы қайсарлығы көрерменнің жан дүниесін тербеп, ұлт руханиятына тағылымды сабақ берді.

Қойылым барысында драмалық шиеленістер мен тарихи сахналар шеберлікпен тоғысып, шынайы өнер мен техникалық шеберліктің үйлесімі орын алды. Бұл — бір ғана өнер кеші емес, ұрпақ санасына рух дарытатын ұлттық тәрбие алаңы десек артық емес.

Түркістанға келген әрбір қонақ бұл кештен тарихтың тереңіне бойлап, бабалар ерлігімен бетпе-бет кездескендей күй кешіп шықты. Осылайша, рухани астана тағы бір мәрте өз миссиясын – өткен мен бүгінді жалғаушы алтын көпір болу міндетін абыроймен атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Балғын балалықтың балдай демалысы: Түркістанның таулы шатқалында лагерь маусымы ашылды

redaktor_rastimes

ҚАЗАҚСТАНДА «ӘРБІР ҚАН ТАМШЫСЫНДАҒЫ ӨМІР» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

redaktor_rastimes

Саурандық делегация Түркияда өндірістік әріптестікке жол ашты

Пікір жазу