RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясат

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 90 МЛН ДАНА КІРПІШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

Бүгін ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Жәнібек Ахметов облыстағы инвестициялық нысандарды аралау барысында, аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округінде орналасқан «Altyn Land» ЖШС нің «Заманауи иновациялық кірпіш өңдеу зауыты» жобасының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Толық инженерлік инфрақұрылымы бар аумақта орналасқан зауыт, өндіріс секторын ілгерілете отырып, аймақтағы инновацияның дамуына, жаңа жұмыс орнындарының ашылауына мол мүмкіндік береді. Иновациялық зауыт жылжымалы туннелді пеш технологиясымен жүргізіледі. Кәсіпорынның құрылысы өткен жылы тамыз айында басталып, биылғы жылдың мамыр айында іске қосылады деп күтілуде.
7 гектар аумақта орналасқан «Altyn Land» ЖШС-нің жоба құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Онда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Өндіріс орны жылына 90 млн дана өнім шығармақ. Бұл кәсіпорын іске қосылған соң, аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, аудан экономикасының даму қарқынын артады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

redaktor_rastimes

Ақмолалық спортшылар шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

redaktor_rastimes

Ескі үйлердің орны алаңға айналды

Пікір жазу