RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Түркістан өңірінде «Достық керуені» жобасы – Түлкібас ауданында бірлік пен татулықтың жаңа белесі

Бүгін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ауқымды «Достық керуені» жобасы Түлкібас ауданында өз жалғасын тапты. Бұл игі бастама өңірдегі этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға, елдегі татулық пен бірлікті сақтауға бағытталған маңызды шаралардың қатарында ерекше орын алады.

«Достық керуені» жобасының басты мақсаты – өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің мүшелерін халықпен кездесулер ұйымдастыруға жұмылдыру арқылы түрлі этнос өкілдері арасында сенім мен түсіністікті арттыру, сондай-ақ этносаралық саладағы ықтимал тәуекелдердің алдын алу. Сонымен бірге бұл жоба жастарды, мәдени және қоғамдық құрылымдарды бірлік пен келісімге баулып, оларды диалог алаңдарына белсенді қатыстыруға шақырады.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен жергілікті Ақсақалдар және Аналар кеңесінің өкілдері, этнос жастары шоғырланып қатысты. Кездесудің негізгі спикерлері ретінде ҚХА-ның 2030 жылға дейінгі Концепциясын әзірлеу жөніндегі креативті жұмыс тобының мүшесі, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейдулла Садықов пен облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Әшірбаев сөз алып, елдің тұтастығы мен татулығын сақтау жолындағы маңызды мәселелерге тоқталды. Олар қатысушыларды достықтың берік негіздерін насихаттауға және әрбір азаматтың қоғамдағы үйлесімділік пен ынтымақтастықты сақтау міндетіне үн қатуға шақырды.

Кездесуге қатысушылар да өздерінің ойларын ашық айтып, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Жиында этносаралық қатынастарды одан әрі нығайту, жастарды саналы тәрбиеге баулу, жат ағымдар мен теріс құбылыстардан аулақ болу, сондай-ақ кеңестің жұмысын жандандыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға сарапшылар жан-жақты және түсінікті жауаптар берді, бұл жиналғандардың сенімін арттырды.

«Достық керуені» жобасы Түлкібас ауданында өткізіліп, өңірдегі бірлік пен татулықты нығайтуға зор үлес қосып отыр. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын тауып, Қазақстан халқының келісімі мен қоғамдық тыныштығын сақтаудың мықты тірегі болары анық.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қытайдың жаңа Елшісін қабылдады

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЫЖАЙ КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛУДА

redaktor_rastimes

«ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» жол картасының орындалу барысы талқыланды

redaktor_rastimes

Пікір жазу