RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясат

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 500 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ЕГІЛДІ

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды талқылау және алдағы міндеттерді айқындау мақсатында жиналыс өтті.
Жиын барысында өңірде өткізілген тазалық шаралары, экологиялық жағдайды жақсарту бағытындағы нақты істер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар пысықталды. Сонымен қатар аудан-қала әкімдіктерінің, тиісті басқармалар мен мекемелердің жұмыстары сараланып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаңа бастамалар ұсынылды.
Атап айтсақ, 3 наурыз бен 12 мамыр аралығында өңірде 1867 экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, оған 327 мыңнан астам тұрғын атсалысты. Акция аясында облыс көлемінде 509 839 түп ағаш отырғызылды. Іс-шараларға 2081 арнайы техника жұмылдырылып, 7614 тонна тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс шығарылды. Сондай-ақ @tazaqazbot телеграмм чат-бот арқылы 2107 өтінім түсіп, 2069-ы дер кезінде орындалды. Ал 38 өтінім орындалу барысында тұр.
Мәжіліс соңында жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріліп, акцияның сапалы әрі тиімді жалғасуын қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Ұқсас жаңалықтар

Үкіметте тау-кен металлургия кешенінің даму мәселелері талқыланды

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ АУҚЫМДЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТТІ

redaktor_rastimes

Ұлытау облысының Қаражал қаласында салынатын мектепке 1,4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді

redaktor_rastimes

Пікір жазу