RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкологияҚоғам

Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасы тазартылды

Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Ертіс өзенінің 27,4 шақырымы, Қиғаш өзенінің 73,7 шақырымы, Нұраның 1,1 шақырымы, Жайықтың 51,5 шақырымы және Жем өзенінің 85,5 шақырымы тазартылды.

Еске салсақ, өткен жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі өзен учаскелерін санациялаудың кешенді жоспарын қабылдаған болатын. Құжатқа сәйкес, 2027 жылға дейін 10 облыста жалпы ұзындығы 815 шақырым болатын 51 өзен арнасын және бір көлді тазарту жұмыстары қарастырылған.

Бұдан бөлек, Қазсушар кәсіпорны еліміздің бірқатар өңірінде 1147 шақырым каналдарды механикалық тазартудан өткізіп, 230 су құрылысын жөндеді.

Былтыр 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылда бірінші рет жөнделді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің 10 облысында жаңадан коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалануға жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылды. Олардың балансына 809 нысан қабылданды. 931 маман жұмысқа алынып, 203 арнайы техника берілді»,— деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Дереккөз: ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

redaktor_rastimes

«Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕЛЕС АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ

redaktor_rastimes

Пікір жазу