RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЗаң және тәртіпҚоғам

Саяжай бақшасына қарасора өсірген

Қостанай облысыныда республикалық «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер тұрғынның бақшасынан тікелей есірткі жеткізу арнасын әшкереледі.

Тобыл тұрғынының үйінен және жұмыс орнынан марихуана салынған 20-дан астам полиэтилен пакет пен орам тәркіленді. Сондай-ақ оның саяжай ауласында қарасора өсірілгені анықталды. Өсімдіктердің саны — 18 түп, барлығы мұқият күтіп-бапталған.

Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармалары бірлесіп жүргізген тінту шарасы нәтижесінде күдіктінің жұмыс орнынан да, тұрғын үйінен де заңсыз заттар табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 3,4 келі екенін көрсетті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлердің айтуынша, өңірде есірткі қылмысына қарсы күрес тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізілуде. «Қарасора» жедел іс-шарасы жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары тыйым салынған өсімдікті өсіріп, заңсыз айналымға шығаруды көздегендердің барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан төріндегі тындырымды тірлік: Қала жолдары жаңғырып, көшелер келбеттеніп келеді

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН: ҚЫЗЫЛКӨЛ КӨЛІНІҢ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

redaktor_rastimes

Қазақстанда күн суытып, толассыз жауын жауады

admin_rastimes

Пікір жазу