RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Саурандық делегация Түркияда өндірістік әріптестікке жол ашты

Өндірістік әлеуетті арттырып, шетелдік инвестиция тартуға бағытталған маңызды жұмыс сапарымен Түркістан облысы, Сауран ауданының өкілдері Түркия Республикасының Кония қаласына барып қайтты. Іссапар құрамында Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, «Жасыл Сауран» мекемесінің директоры Нұржан Бадамбаев және бірқатар жеке кәсіпкерлер болды. Сапардың басты мақсаты – кәсіпкерлік ынтымақтастық орнату, өндірістік тәжірибе алмасу және заманауи технологияларды игере отырып, аудан экономикасын жаңа деңгейге көтеру. Делегация мүшелері Кония қаласындағы бірнеше индустриялық аймақтарды аралап, жергілікті зауыттардың заманауи жабдықтармен жарақтандырылған өндіріс процесімен танысты. Сондай-ақ, гидравликалық қысым мен PLC басқару жүйесіне негізделген автоматтандырылған машиналар шығаратын «Kanat Makina San. Tic. Ltd. Şti», мәрмәр тас өңдеу жабдықтарын өндіретін «Efeşen», сүт өнімдері мен бал өндіруге арналған жоғары технологиялы құралдар әзірлейтін «Türköz» сынды ірі кәсіпорындармен іскерлік кездесулер өткізіліп, нақты ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Келіссөздер нәтижесінде қос тарап өндірістік әріптестікті нығайтып, экономикалық байланысты дамытуды мақсат етіп отыр. Бұл сапар Сауран ауданы үшін жаңа технологиялармен танысып, инновациялық өндіріс құралдарын аудан аумағына енгізуге, инвестициялық жобаларды тиімді іске асыруға берік негіз қалаған маңызды қадам ретінде тарихта қалмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Бизнес форумда 92,8 млн. АҚШ долларына 10 коммерциялық келісімге қол қойылды

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ХХХІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

redaktor_rastimes

Үкіметте Инвестициялық штабтың отырысы өтті

redaktor_rastimes

Пікір жазу