RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСұхбат

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ТЕГІСШІЛ АУЫЛЫНДА СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛЫП, АУЫЛДЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛДІ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауылдық елді мекендерді жан-жақты дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Үлгілі ауыл» байқауы нақты нәтижесін беруде. Аталған жобаның басты мақсаты – ауылдардың инфрақұрылымын жаңарту арқылы халықтың өмір сапасын арттыру, ауыл жастарының бойында отансүйгіштік пен салауатты өмір салтына құштарлықты қалыптастыру.

Осы орайда байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды жеңіп алған Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекенінде жаңа спорттық және балалар ойын алаңшасының салтанатты ашылуы өтті. Бұл нысан – ауылдың әлеуметтік-мәдени дамуына серпін беретін маңызды инфрақұрылымдық жоба болып табылады. Ашылу рәсіміне арнайы қатысқан Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарын құттықтап, жаңа алаңшаның мән-маңызына кеңінен тоқталды.

– Тәуелсіз еліміздің келешегі – бүгінгі ұрпақтың қолында. Бүгін ашылып отырған бұл нысан – ауыл жастары мен балалары үшін дене тәрбиесін нығайтатын, спортқа баулитын, жаңа белестерге жетелейтін орта болады деп сенеміз. Бұл тек қана спорт алаңы емес, бұл – ел ертеңіне салынған инвестиция. Мұнда тәрбиеленген балалар ертең ел намысын қорғайтын чемпион атанса, біз мақтанамыз. Ауылымыз көркейе берсін, – деді аудан басшысы.

Жаңа алаңшада заманауи спорттық құрылғылар мен балаларға арналған қауіпсіз ойын элементтері орнатылған. Алаңша жобасы облыстық бюджеттен қаржыландырылып, барлық қауіпсіздік талаптары мен санитарлық-экологиялық нормалар толық сақталған. Бұл бастама тек спортты ғана емес, ауыл халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға да үлес қосады.

Айта кетейік, «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаз ауылдарына әлеуметтік маңызы бар нысандар – мектептер, медициналық пункттер, мәдениет үйлері мен спорт инфрақұрылымдары бой көтеріп жатыр. Бұл – облыс әкімінің бастамасымен халықтың әл-ауқатын арттыруға, ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған нақты әрі жүйелі саясаттың жемісі.

Тегісшіл ауылындағы бұл нысан – елге деген қамқорлықтың, ауыл болашағына сенімнің айқын көрінісі. Ең бастысы – бұл игілікті іс ауыл балалары мен жастарының болашағына жол ашып, дені сау, білімді, әрі отансүйгіш жаңа буынның қалыптасуына берік негіз қалайды.

Ұқсас жаңалықтар

Күштік құрылым қызметкерлері марапатталды

redaktor_rastimes

ШАРУАЛАР ҚЫСТА ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГУДІ БАСТАДЫ

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Пікір жазу