RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЗаң және тәртіпПрезидентСаясат

Президент жаңа Конституцияға қатысты кеңес өткізді

Ақорданың ресми мәлімдемесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен биыл 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру мәселесі жөнінде жұмыс кеңесі өткені хабарланды.

Кеңеске Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев және Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қатысты.

Президент бүгін «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы алда заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін жаңа Конституцияға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарының қызметін айқындайтын заңдарды түзеу қажеттілігіне назар аударды.

Жалпы, алты конституциялық заң және өзге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде үш заң қабылдау қажет.

Конституция күшіне енетін күнді ескере отырып, тиісті заңдарды Парламент сессиясы аяқталғанға дейін қабылдау керек.

Мемлекет басшысы заңдарды сапалы әрі уақтылы әзірлеп, қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Үкімет заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді кешіктірмей түзеуге тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Президенттің Абай облысында ядролық кластер құру жөніндегі тапсырмасының жүзеге асырылу барысы тексерілді

redaktor_rastimes

Тәңіртаудың Төбесінде Ту Тігілді: Қазығұрт жастары биіктікке рухпен өрлеп, елдік ұран көтерді

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ…

redaktor_rastimes

Пікір жазу