RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЗаң және тәртіпПрезидент

Президент Конституциялық сот төрағасын қабылдады

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады.

Мемлекет басшысына Конституциялық сот қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Эльвира Азимованың айтуынша, 2,5 жыл ішінде ведомствоға азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Конституциялық сот судьялары өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеді. Тексеру қорытындысы бойынша 300-ден астам шешім қабылданды. Соның ішінде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылды. Осылайша, 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді.

Бүгінге дейін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық ұстанымдары ескерілген 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтар егжей-тегжейлі құқықтық кеңес алу үшін Конституциялық сот аппараты жанындағы Өтініштерді қабылдау орталығына жүгіне алатыны жөнінде баяндалды. Бұған дейін мұндай консультацияларды мыңнан астам адам алды. Орталықтағы заң консультанттары мен адвокаттар азаматтарға тегін кеңес береді.

Президенттің пікірінше, Конституциялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепіл болуға тиіс. Сонымен қатар сот органының құқықтық ұстанымдарын дәйекті түрде іске асыру маңызды.

Дереккөз: Akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан мен Ухань арасы жақындады: Нұралхан Көшеров пен қытайлық инвесторлар жаңа серіктестікті нығайтуға уағдаласты

redaktor_rastimes

КИЕЛІ ТҮРКІСТАНҒА АҚ ЖАЙЫҚТЫҢ ӨНЕР КЕРУЕНІ КЕЛДІ

redaktor_rastimes

ҰЛТ РУХЫН ҰЯЛАТҚАН ЕРЕКШЕ КЕЗДЕСУ: БАЛАЛАР ЖҮРЕГІНДЕГІ РӘМІЗДЕРДІҢ САЛТАНАТЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу