RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидентСаясат

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақордада сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Украина елшісі Виктор Майко, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Сарангоо Раднаарагчаа, Үндістан Республикасының елшісі Я.К. Сайлас Тангал, Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының елшісі Осман Михаджи, Швеция Корольдігінің елшісі Ларс Стефан Эрикссон, Бельгия Корольдігінің елшісі Эрик де Майер, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Салли Джейн Аксуорси, Латвия Республикасының елшісі Даце Рутка және Грузия Республикасының елшісі Леван Диасамидзе тапсырды.

Президент дипломаттарға Қазақстанның көп векторлы және теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы еліміздің конструктивті диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық екенін айтып, жаңадан тағайындалған елшілер Қазақстанмен серіктестік байланыстарды нығайту мен кеңейту ісіне белсенді түрде үлес қосатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ыстық ықыласын жолдады.

Дереккөз: akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан – су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы тұрақты аграрлық даму жолында

Тоқаев Туризм және спорт министрін жаңадан тағайындады

admin_rastimes

Олжас Бектенов сумен тұрақты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды

redaktor_rastimes

Пікір жазу