RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономикаӘлем

Премьер-министр ЕҮАК-тың шағын құрамдағы отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты.

Жиынға Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян қатысты.

Онда биылғы 31 қаңтарда Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласындағы интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруға, қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып ақпарат алмасуды жетілдіре түсуге назар аударылды.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

redaktor_rastimes

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

redaktor_rastimes

Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» Халықаралық форумы өтті

Пікір жазу