Түркістан облысының тарихи-мәдени орталығы саналатын Отырар ауданында абаттандыру және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың бастамасымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің үйлестіруімен бірқатар жобалар аудандық бюджет есебінен іске асырылды. Аталған жобалар елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар «Түркістан – Шәуілдір» бағытындағы ауданға кіреберіс бас қақпаны абаттандыру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде аудан табалдырығын аттаған әрбір жолаушы Отырардың жаңарған, заманауи кейпін көре алады.
сәтті аяқталды. Жаңа жарықдиодты шамдар энергияны үнемдеумен қатар, түнгі уақытта жол көрінісін жақсартып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді.