RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономика

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары «China Gezhouba Group» басшылығымен кездесті

Үкіметте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек China Gezhouba Group (ҚХР) Басқарма төрағасы Лю Хуайлянмен кездесті. Тараптар Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын салу жобасын талқылады.

Ұзындығы шамамен 200 шақырым су құбырынан басқа, жобаны іске асыру өнімділігі тәулігіне 342 мың текше метр үш су құбыры сорғы стансасын және өнімділігі тәулігіне 210 мың текше метрді құрайтын №4 сорғы-сүзгі стансасын салуды көздейді. Лю Хуайлян құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы сәуір айында басталатынын растады.

Кездесу барысында Роман Скляр инфрақұрылымдық жобаның тұрғындарды таза сумен үздіксіз қамтамасыз етудегі әлеуметтік маңыздылығын аймақты дамыту, тұрмыс сапасын жақсарту және тұрақты экономикалық өсуге негіз болатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар жобаны іске асыру және ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының активіне жаңа әкім таныстырылды

redaktor_rastimes

Ақмола облысында 2025-2027 жылдарға арналған бюджет бекітілді

redaktor_rastimes

Көлік-логистика саласын дамытудың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды

redaktor_rastimes

Пікір жазу