RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидентСаясатӘлем

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған келіссөз жүргізді

Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қазақстан Президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға Мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.

Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Екі елдің басшылары Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізді.

Келіссөз аясында президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын жан-жақты талқылады.

Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия Президентіне алғыс айтты.

Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға дайын екенін растады.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Климин — Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері

redaktor_rastimes

Ақмола облысында егін жинау науқаны аяқталды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН «БІРЛІК ЖАРЫСЫ» ЖҮГІРУ ДОДАСЫНА 6 МЫҢНАН АСА АДАМ ҚАТЫСТЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу