Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» ел бірлігі мен мәдениетінің мерекесіне айналған ерекше шара өтті ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды дәріптейтін бұл байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылып «Үкілі домбыра» атауымен есте қалды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің бастамасымен өткен бұл рухани жиынның басты мақсаты – еліміздің этнос өкілдері арасында ұлттық өнерді кеңінен насихаттап дарынды домбырашыларды анықтау арқылы облыстың мәдени имиджін арттыру болатын Байқаудың салтанатты ашылуында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов бұл шараның маңыздылығына ерекше тоқталып оның тек өнер сайысы ғана емес сонымен бірге ұлттық мұраның қадірін ұғындыратын тағылымды жоба екенін атап өтті Қазақ халқының күмбірлеген күйі мен терең мағыналы термесі ғасырлардан сыр шертетін асыл қазына екенін айтқан ол осы байқау арқылы жас таланттарға жол ашылып келе жатқанын және аталмыш жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» ғылыми-ағартушылық бағдарламасымен үндесіп этнос өкілдеріне қазақ мәдениетінің терең болмысын жеткізуге сеп болатынын жеткізді Рухани үндестік пен өнердің ұлы мұраттарын ұштастырған байқау үш аталым бойынша өтті Олар – дәстүрлі ән орындау күй орындау және терме айту номинациялары болатын Аталған сайысқа облыстың қала-аудандарынан келген жас өнерпаздар қатысып өзара бақ сынасты Қазылар алқасының әділ шешімімен «Дәстүрлі ән орындау» аталымында 1-орын саурандық Юлдуз Бектемироваға бұйырса 2-орынды жетісайлық Элина Букаева 3-орынды саурандық Абдумалик Алитдинов иеленді «Күй орындау» номинациясы бойынша сайрамдық Диёр Ахмедов үздік деп танылып жеңіс тұғырынан көрінді Ал осы аталымда 2-орын кентаулық Бехруз Даврановқа 3-орын саурандық Бехруз Закирхановқа берілді «Терме орындау» бойынша сайрамдық Айна Набиева топ жарып 1-орынды иеленсе 2-орын саурандық Муратжан Атажановқа бұйырды Байқау қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді сондай-ақ белсене қатысқан барлық өнерпаздарды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Спорт және өнер факультетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Сәбит Сопбеков пен «Ақжайық» музыка мектебінің домбыра пәні мұғалімі республикалық конкурстардың лауреаты Бексұлтан Жұман арнайы құттықтап дипломдар алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табыстады Осылайша үкілі домбыраның үні арқылы этнос өкілдері арасындағы рухани байланыс тереңдей түсті ұлттық өнер асқақтап ел бірлігі мен мәдениеті тағы бір мәрте айшықталды