RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпорт

«Барыс» жаңа маусымды жеңіспен бастады

Астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (КХЛ) жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін жеңіспен ашты. Өз алаңындағы матчта «Барыс» овертаймда Челябинскінің  «Тракторын» 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Барыс (Астана) – Трактор (Челябинск) – 4:3 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)

0:1 – Ливо (Гросс, Дер-Аргучинцев) – 05:37 ГБ

1:1 – Шайхмедденов (Мухаметов) – 08:09

2:1 – Савицкий (Қайыржан, Шайхмедденов) – 32:08 ГБ

2:2 – Горюнов-Рольгизер (Ливо, Коромыслов) – 36:16

3:2 – Томпсон (Веккьоне, Галимов) – 52:42 ГБ

3:3 – Дюбе (Дер-Аргучинцев, Ливо) – 57:31

Негізгі уақыт тең аяқталған соң, жеңісті голды овертаймда «Барыс» қорғаушысы Райли Уолш соғып, команданы алға жетеледі.

Астанада өткен кездесуді 10 мыңнан астам жанкүйер тамашалады. Бұл жеңіс «Барыс» үшін маусымды жоғары көңіл-күймен бастауға мүмкіндік берді.

Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

redaktor_rastimes

Төлеби өңірі қарқынды даму үстінде: бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 53,1 млрд теңгеге жетті

Созақта «Достық керуені» жобасы аясында тағылымды кездесу өтті

redaktor_rastimes

Пікір жазу